CENTRAL MARKET
®
Центральный рынок Астаны, аренда магазинов, ресторанов, столовых. Аренда недорогая
Қазақстандағы базарларды қайта жаңарту бағдарламасы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық аумағында күшіне енетін «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 111 Қаулысына сәйкес, сауда базарларының қызметі тоқтатылатын болады.
«Базарларды қайта жаңарту туралы» заңды ескере отырып, біз жайлы корпустың бірінші кезегін іске қосамыз, оған Орталық базардың аумағындағы жалға алушылардың басым бөлігі көшеді, сондай-ақ жаңа желілік операторлар мен рестораторлар тартылатын болады.
Тарихтан:
Жаңа «Central Market» сауда ойын-сауық орталығы жаңартылған «Орталық базар» болып табылады, ол қазіргі сәтте жаңғырту кезеңдерінен өтуде. Барлық уақытта базар қаланың ең белсенді бөлігі - сауда-саттықтың және қаржылық ағыстың орталығы болды. Әртүрлі сауда салаларындағы кәсіпкерлер адамдар көп келетін орасан зор сауда индустриясының бір бөлігіне айналуға үнемі ұмтылды.
Жайлы қалалық орта жасау мақсатында 2006 жылы «Орталық базарды» қаланың адам көп шоғырланған бөлігінен осы бизнес үшін анағұрлым сай келетін қала бөлігіне – Алаш тас жолының бойына көшіру туралы шешім қабылданды. Осылайша көтерме және бөлшек сауда-саттықтың үлкен ағыстары кең аумақтарда жайғасты және сауда-саттықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер пайда болды. 2007 жылдан бастап базардың тұрақты сатып алушылары мына жаңа мекен-жай бойынша келе бастады: Алаш тас жолы, 15.
Әкімдік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірлеген Нарықтардың жаңғыртудың жол картасына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтарда келесі кезең аяқталады, ол – «контейнерлік сауда-саттықты» заманауи сауда орталықтарына ауыстыру.
«Central Market» СОСО мемлекеттің осы стратегиясын іске асырудың мінсіз үлгісі болып табылады, себебі уақыттың заманауи талаптарына және тұтынушылардың сауалдарына сай келеді.
-
Ақпанның ортасында жалпы ауданы 18 мың ш.м. құрайтын БІРІНШІ кезекті іске қосу жоспарланған. Сауда алаңдарында киім, аяқ киім, аксессуарлар, парфюмерия сатылатын дүкендер және бірнеше тамақтану операторларынан тұратын мейрамханалық аула болады. СОСО келушілер үшін ашу 2019 жылдың сәуір айына жоспарланған.Дайындығы 100%
-
ЕКІНШІ кезек биылғы жылдың көктемінде кіру үшін дайын болады. Онда ірі электроника операторлары, балаларға арналған тағамдарды сататын дүкендер мен супермаркет болады. Дайындығы 99%
-
1, 2 және 4 корпустар бірінші және екінші қабаттарға ауыстырылатын болады.
-
ҮШІНШІ кезекті ашу 2020 жылдың көктемінде ашу жоспарлануда және 8-залдық кинотеатр болады. Жобалық дайындық
-
ТӨРТІНШІ және ең күрделі техникалық корпус 2021 жылдың соңында қайта құрылатын болады.
![Очередность строительства ТЦ Central Market (май 2019).jpe](https://static.wixstatic.com/media/766949_ac1c078cb6c64b80897cc2258e946c4d~mv2.jpeg/v1/crop/x_0,y_0,w_1280,h_714/fill/w_600,h_335,al_c,q_80,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/%D0%9E%D1%87%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C%20%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B0%20(%D0%BC%D0%B0%D0%B9%202019).jpeg)